Сот орындаушы өзге алиментті өз баласының шотына аударып отырған

23 мамыр 2024 22:26 / Новости Казахстана

Нұра ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жеке сот орындаушы бір жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударып отырған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Өндіріп алушы борышкерге шара қолдануды өтініп сот орындаушыға жүгінген, алайда борышкер берешегін уақтылы жолдап отырған.

Жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары