Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе

26 қазан 2023 16:39 / Новости Казахстана

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев сотталған Қайрат Сатыбалдының жазасы жеңілдету мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер істі болған Қайрат Сатыбалдының сотталған мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігі туралы сұрады.

«Теориялық тұрғыдан алып қарасақ, заңнамада мерзімінен бұрын босату, неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру сияқты шараларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Осы ретте, заңда белгілі бір талаптар бар. Яғни тиісті мерзімдегі жазасын өтеуі, келтірген залалдың орнын толтыруы, сондай-ақ түрмедегі оның тәртібі ескеріледі. Атап айтқанда, сотталған адамның мерзімінен бұрын босатылуына немесе жазаны жеңілдетуге өтініш беру құқығы бар. Ал сот осы өтінішті қанағаттандыруға немесе одан бас тартуға құқылы. Яғни, сотталған адамның өтініші беруге құқығы бар, бірақ сот оны босатуға міндетті емес», - деді Ә. Шындалиев.

 

Серіктес жаңалықтары