ШҚО-да егін жинау кезінде комбайн отқа оранды

8 қазан 2024 9:00 / Новости Казахстана
Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында егін жинау кезінде комбайн өртенді. Оқиға Алтай ауданы Ермаковка ауылында болған. "Есіл-760" маркалы комбайнда күнбағыс жинау кезінде өрт шықты. Сол жерге өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 20 шаршы метр аумақты құраған қызыл жалын толықтай ауыздықтады», - деп хабарлады ведомство өкілдері, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына барынша абай болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

 

Серіктес жаңалықтары