ШҚО-да ғасыр жасаған әжеге жаңа куәлік берілді

2 тамыз 2024 17:00 / Новости Казахстана
Фото: Polisia.kz

ШҚО полицейлері ғасырлық ғұмырға жеткен кейуанаға жаңа жеке куәлігін табыстады. Облыстың ПД көші-қон қызметінің өкілдері Өскемен қаласы тұрғыны Елизавета Прядконың ғасыр толған мерейтойлық туған күнінде үйіне барып, жаңа жеке куәлігін тапсырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Біз Елизавета Прядкоға құжат алмасу бойынша көмек көрсеткенімізге қуаныштымыз, өйткені мұндай жағдайлар күн сайын кездесе бермейді», дейді инспектор Шырайлым Ерікова.

Шығыс Қазақстан полициясы тарихында тәртіп сақшылары 100 жылдық межеден өткен 40-қа жуық адамның құжаттарын жаңартқан екен.

Серіктес жаңалықтары