СҚО-да «Көкшетау-Омбы» тас жолының учаскесі жабылды

29 наурыз 2024 15:34 / Новости Казахстана

СҚО-да су тасқынына байланысты «Көкшетау-Омбы» тас жолының учаскесі жабылды. Солтүстік Қазақстан облысында еріген қар суы Ақжар ауданы арқылы өтетін республикалық маңызы бар «Көкшетау-Омбы» автожолының учаскесін шайып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «Darmen» мобильді қосымшасы хабарлама таратты.

«29 наурыз күні сағат 13.15 минут кеткенде республикалық маңызы бар «Көкшетау-Омбы» автомобиль жолының 85-183 км учаскесі еріген қар суы басуына орай жабылды», - делінген.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл учаске Ақжар ауданында орналасқан. Су басқан аумақтың ұзындығы әзірге 500 метр, тереңдігі – 40 см. Су әлі келіп жатыр. Сол себепті Чкалов елді мекенінен Талшық ауылына дейін жолды жабуға тура келген.

Мамандардың айтуынша, жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Қазір оқиға орнында жергілікті атқарушы билік кезекшілік ұйымдастырған.

 

Серіктес жаңалықтары