ШҚО-да құсбегілердің халықаралық фестивалі өтеді

12 қараша 2023 9:00 / Новости Казахстана

 

Шығыс Қазақстан облысында құсбегіліктен «» халықаралық фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Шығыс салбұрыны-2023» халықаралық фестивалінің мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау, құсбегіліктен, тазы жүгіртуден, асау үйретуден, садақ атудан жарыс өткізу арқылы қоғамның осы ұлттық спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру. Жарысқа «Республикалық құсбегілік федерациясы» ҚБ бекіткен төрешілер алқасы басшылық етеді.

«Фестивальде Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Түркия, Қырғыз Республикасы, Ресей елдерінен 40 бүркіт, 10 сұңқар және 30 тазымен спортшылар бақ сынасады. Сондай-ақ ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Республикалық «Қыран» федерациясы» қоғамдық қорының вице-президенті Бағдатхан Мүптекеқызы және әлемге танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы қатысады. 

Халықаралық фестивальде қыран құсты қолға шақыру, құстың еркін ұшуы, бүркітті шырғаға салу, қоянға, түлкіге салу, сұңқарды кептерге салу, тазы иттерді 1 шақырым қашықтыққа жылдамдыққа жүгірту, асау жылқы үйрету сынды сайыстар болады. 

Барлығы қазақи үлгіде 15 киіз үй құрылады. Қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, спорттық ойындары көрсетіледі. 24 қарашада басталатын халықаралық фестивальдің финалы 25 қарашада өтеді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастыру алқасының дипломы, кубок, медаль мен қаржылай сыйлықтар табыс етіледі. 

Серіктес жаңалықтары