ШҚО-да Үйдене өзенінде көпірді су шайып кетті

15 мамыр 2024 10:34 / Новости Казахстана

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында Үйдене өзенінің деңгейі көтеріліп, көпірді су шайып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, толассыз жауған жаңбыр және таудағы еріген қар суының салдарынан Үйдене өзенінің деңгейі көтерілген, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

«Зайсан ауданы «Жарсу-Бақасу» ауылдарының аралығындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы көпірдің шеткі бөлігін су шайып кетті. Жол жиегін қайта қалпына келтіру жұмыстары бүгін таңғы уақытта басталды», - делінген ақпаратта.

Көлік қозғалысына шектеу қойылмады. Жол бойында кезекшілік ұйымдастырылған.

Серіктес жаңалықтары