ШҚО кейбір аймағында температура 45 градусқа дейін төмендейді

19 ақпан 2024 6:48 / Новости Казахстана

Қазгидромет ел аумағында 19 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан Республикасының батысында, оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қармен жаяу бұрқасын күтіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Еліміздің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында желдің күшейюі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі. Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз сақталады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты аяз 35-39 градус болады», — деп жазды Қазгидрометтен.

Серіктес жаңалықтары