ШҚО: Су тасқыны жағдайына тікұшақпен барлау жасалды

30 наурыз 2024 20:21 / Новости Казахстана

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына тікұшақпен барлау жасалды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен ТЖД бастығы Ерғали Бахаев бастаған арнайы жұмыс тобы Күршім, Ұлан және Марқакөл аудандарында бөгеттер мен өзендерді түкұшақпен бақылап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданының кіші бөгеттерінен су өтіп, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Қазіргі уақытта мамандар бөгеттерге тексеру жүргізуде. Елді мекендерді су басу қаупі байқалмайды.

«Қалың тұман болғандықтан, Самар аймағындағы аумақтарды тексеру мүмкін болмады. Ары қарай сапар Күршім ауданына дейін жалғасты. Боран ауылындағы Қара Ертіс өзенінде су басу қаупі жоқ», - делінген ақпаратта.

Әуеден зерттелген аудандарда су басу қаупі байқалмайды. Жағдай тұрақты.

 

Серіктес жаңалықтары