Степногорда тұрғындар жылусыз және электр жарығынсыз қалды

10 ақпан 2024 18:10 / Новости Казахстана

Степногор қаласында жылу энергия орталығындағы апатқа байланысты тұрғындар жылу және электр жарығынан ажыратылды. Қала әкімдігі қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«10 ақпанда сағат 13:27–де 220кВ КЕГОК желісі бойынша электр энергиясы сөндірілді, 14:07-де электр энергиясын беру қалпына келтірілді, 14:15-те бесінші энергетикалық қазандық пен су жылыту қазандығын жағу басталды, 14:20-да жылу трассасында айналымды қалпына келтіру үшін желілік сорғы іске қосылды, «Степногорск Теплотранзит» ЖШС сорғыларды іске қосады», - делінген Степногор қаласы әкімдігінің мәліметінде.

Осы ретте, әкмідік тұрғындарды сабырлы болуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары