Студенттер тұратын хостелдер тексеріле ме?

5 желтоқсан 2023 20:40 / Новости Казахстана

Үкіметтік комиссия студенттер тұратын хостелдердегі заң бұзушылықтарды тексереді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

«Заңнамамның өз талаптары бар. Бізде жеке компанияларды тексеруге мораторий жарияланды. Студенттер тұратын хостелдер - жеке ұйым. Осы орайда үкіметтік комиссия арқылы талаптарды қалай айналып өту немесе тексерулер жүргізу туралы қандай да бір шешімдер қабылданатын болады», - деді Саясат Нұрбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет.

«Үкіметтік комиссия барлық себептер мен бұзушылықтарды анықтайды, оның шешімін күту керек», - дейді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары