Су басқан өңірлерге 4 529 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді

19 сәуір 2024 7:46 / Новости Казахстана

ҚР ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева су тасқыны жағдайы туралы мәлеметтерді бөлісті. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 118 116 адам, оның ішінде 44 241 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 19 656 адам өз үйлеріне оралды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. 8 850 адам, оның ішінде 3 948 бала эвакуациялау пункттерінде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

4 274 тұрғын үй мен 2 719 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,3 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,3 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 009 жеке тұрғын үй, 1 109 аула аумағы су астында қалуда.

Серіктес жаңалықтары