Су тасқыны жалғасып жатыр, алда өрт қаупі күтіп тұр

14 мамыр 2024 17:34 / Новости Казахстана

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрт қауіпінің алдын алу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.  

«Елдеді су тасқыны Төтенше жағдайлар министрлігінің кез келген қауіп-қатерге дайын екенін көрсетіп жатыр. Дәл осы режимде өрт қаупі кезеңінде барлық қажетті іс-шаралар ұйымдастырылады», - деді министр.

Біріншіден, әр өңірде ірі өрттермен күресу үшін күштер мен құралдар – республика бойынша шамамен 50 мың адам және 10 мыңнан астам техника дайыдалған.

Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Аэровизуалды барлау үшін 120 дрон бар. Сондай-ақ, жаңадан құрылған Республикалық Орман қорын күзету және қорғау қызметімен тығыз байланыс орнатылған. Министрліктің келісімімен әкімдіктер Табиғи өрттерді болдырмау жоспарларын бекітті.

«Былтыр «Ормандала-2023» оқу-жаттығуы өткізілді. Ертең «Семей орманы» резерватында Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткіземіз. Барлық өңірде орман шаруашылығы мекемелері 53 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Бұдан басқа, министрліктің оқу орталықтарында орман күзетінің 1 300 жұмысшысы оқудан өтті», - деп түсіндірді министр.

Өңірлерде профилактикалық іс-шаралар жалғасуда және шаруа қожалықтарын аралау практикасы жаңартылды.

«Бүгінгі таңда орманды дала алаптары мен демалыс орындарында мобильді топтар өрт қағидаларын бұзғаны үшін 630 адамға айыппұл салды», - деді спикер.

Серіктес жаңалықтары