Шучинск колледжі студентінің өлімі: іс сотқа жолданады

6 желтоқсан 2023 17:27 / Новости Казахстана

Шучинсікеді студент өліміне қатысты іс сот қарауына жіберіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Шучинск колледжі студентінің өлімі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қылмыстық процеске қатысушы тараптар іспен танысты. Жақын арада сотқа жолдау жоспарланып отыр. Басқа ақпараттар Қылмыстың-процестік кодекстің 201-бабы бойынша жариялауға жатпайды», - деген жауап алдық ресми сауалға Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, биыл 7 қазанда Ақмола облысында теміржолдан студенттің денесі табылғаны туралы хабарлаған едік. 

19 жастағы студент өзіне 6 қазанда қол жұмсаған.

Президент Щучье қаласындағы студенттің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды. 

Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне аталған істің мән-жайын жан-жақты тексеруді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары