Светлана Жақыпова: Тұтас қоғам тұрмыстағы зорлыққа төзбеуі керек

15 қараша 2023 15:51 / Новости Казахстана

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Сіз Министрлер кабинетіндегі аз әйелдің бірісіз. Соңғы оқиғаларға байланысты қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қызу талқылануда. Сіздің пікіріңізше, мұнымен күресу үшін нені өзгерту керек?», - деп сұрақ қойды тілшілер Мәжіліс кулуарында.

«Біз соңғы 5 жыл бойы заңдарды күшейтіп келеміз, бірақ мұнда жекелеген нормалар негізінен көпшілік арасында қабылданбайды. Менің ойымша, отбасылық саясат толығымен қайта қаралуы керек. Отбасындағы тәрбие, ер мен әйел қатынасы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәдениеті – мұның бәрін толығымен қайта қарау керек. Бәлкім бізге басқа құндылықтар цифрландыру ғасырымен, әлеуметтік желілер арқылы келген болуы мүмкін. Осыған қарамастан, кейбір нәрселерді түбегейлі өзгерту қажет болуы мүмкін», - деп жауап берді С. Жақыпова.

Министр тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қатаң талаптар қоғамдық шешім болуы керегін баса айтты.

«Яғни, тұтас қоғам тұрмыстағы зорлыққа төзбеуі керек. Бір рет қолын көтерсе, кешіре салайын деген ой болмауы керек. Егер ертең бұл норма болып кетсе, басқа жағдайда боламыз», - деді еңбек министрі.

Серіктес жаңалықтары