Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында 15 қойды сілеусін қырып кетті

21 қаңтар 2024 0:46 / Новости Казахстана

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында 15 қойды сілеусін қырып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Бастаушы ауылдық округіне қарасты Көкжота ауылында болған.

             Фото: Самар ауданы әкімдігі

- Қораға кіріп кеткен белгісіз жыртқыш аң 15 қойды қырып кетті. Болжам бойынша бұл - сілеусін.
Себебі қасқыр болса қойды жарып кетер еді, ал бұл жыртқыш тек қанын ішкен. Оқиға орнына бірден аудан әкімі Нұрлан Махамбетов пен ауылдық округ әкімі Арман Кеңесбеков, жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері барды. Мал өлекселері арнайы көмуге арналған орынға көміледі. Себебі жыртқыштың сілекейінде түрлі қауіпті аурулар болуы ықтимал, – дейді аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашев.

Қазіргі кезде ауылдық округ әкімдігі келтірілген шығынды есептеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары