Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл таратылады

14 сәуір 2024 20:59 / Новости Казахстана

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл таратылмақ. Облыстағы Глубокое және Тарбағатай аудандарындағы бірнеше кент ауылға айналып, кейбір ауылдар таратылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Нақты айтқанда, Глубокое ауданындағы Алтайский және Верхнеберезовский кенттері ауыл санатына жатқызылады. Сметанино, Калинино ауылдары мен Аврора станциясы таратылып, өзге қоныстар санатына енгізіледі. Сметанино – Кожохова елдімекеніне, Калинино – Алтайский ауылына, Аврора станциясы – Предгорное ауылының құрамына қосылады», - дейді ШҚО әкімінің аппараты басшысының орынбасары Мерей Асылханов.

Тарбағатай ауданы бойынша Сағындық, Өтеген, Жалғызтөбе ауылдары таратылады.

Сараптама комиссиясы мен ғылыми сараптама қорытындысы жасалған. Енді жоба «Ашық НҚА» порталына шығарылады.

Серіктес жаңалықтары