Шымкент көшелерін су басты

17 сәуір 2024 8:24 / Новости Казахстана

Қатты нөсерден Шымкент көшелері судың астында қалды. Әлеумжеліде тарап жатқан видеода көліктер жолда су кешіп өтіп жатыр. «Кабиско» аталатын аймақ тұрғындары қатты әбігерге түсті. Дүкендер мен кофехана секілді коммерциялық нысандардың ішіне кіріп кеткен. Тұтынушылар су кешіп жүр. Ал сабақтан қайтқан оқушылар жолдың арғы бетіне өту үшін тізеден су кешуге мәжбүр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Төтенше жағдайлар департаментінен арнайы шыққан бригадалар су айдау жұмыстарына жұмылдырылып отыр. Олар қала көшелерімен қатар жеке үйлердің ауласына кіріп кеткен суды айдау жұмыстарын да жүргізіп жатыр.

Желідегі жазбаға пікір білдірушілер жол жиегіндегі су арналарының дұрыс жұмыс істемейтінін айтып шағымданды.

«Жарты сағаттың ішінде Венецияға айналып кетті», «Арықтарды тазалау керек», «Сабақтан қайтқан баламның екі аяғына су кіріп кеткен. Аялдама алды суға толып қалған өте алмай, көлікке мініп өттік» деген жазбалар бар. «Такси шақырып едік, қайық келіп тұр деген» әзіл пікірлер де бар.

Серіктес жаңалықтары