Шымкент тұрғыны криптобиржадан 1,7 млрд теңгеден аса заңсыз табыс тапқан

23 мамыр 2024 14:34 / Новости Казахстана

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша айыпталған жергілікті тұрғын 2 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Сот талқылауы барысында «C» есімді азамат «Binance» платформасында цифрлық активтерді (криптовалюталар) лицензиясыз айырбастау қызметін көрсеткені анықталды. 5 жыл ішінде ол 1,7 млрд теңгеден астам аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан», деп жазды прокуратура өкілдері.

Шымкент прокуратурасы тұрғындарға цифрлық активтерді айырбастаумен байланысты заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары