Шымкентте 11 сынып оқушысы өз-өзіне қол салып көз жұмды

15 мамыр 2024 11:00 / Новости Казахстана

Шымкентте 11 сыныпта оқитын ер бала суицид жасап, қайтыс болды. Оқиға 12 мамыр күні болған. Қалалық білім басқармасындағылардың айтуынша, ер бала өз үйінде жеке бөлмесінде өзіне қол салған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мектеп әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, марқұм оқушы ешкіммен ұрысып, дауласпаған. Оқу үлгерімі жақсы, белсенді оқушы болған. Мектепішілік есепте тұрмаған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, Шымкентте жасөспірімдер арасындағы суицид артқан. Мәселен, 2022 жылы 27 оқушы өз-өзіне қол салса, 2023 жылы 32 бала суицид жасаған.

Ал 2024 жылдың басынан бері 4 жасөспірім суицидтен қайтыс болған.

Серіктес жаңалықтары