Шымкентте екі жасар баланы 4-қабаттан лақтырып жіберген

24 қараша 2023 15:02 / Новости Казахстана

Екі жасар баланы 4-қабаттан лақтырып жіберген шымкенттік қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шымкентте 2021 жылы туған сәбиді психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы 4-ші қабаттың терезесінен төменге тастап жіберген.

ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі – 99 бабы «адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жас бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. 40 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары