Шымкентте көшені су басып үйлерге кірді

13 наурыз 2024 9:23 / Новости Казахстана

Шымкенттің Тұран ауданында көшелер су астында қалды. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, Шымкент қаласы Тұран ауданы Қазығұрт шағынауданында мол жауған нөсер жауыннан кейін көшелерді су алып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Түскен жауын-шашын көлемі 33,7 мм-ге дейін жеткен.

Осылайша жеке бір тұрғын үйді, 15 ауланы және төрт аудандағы 10 көшені су басқан.

ТЖД жеке құрамынан 31 адам және 10 техника, 13 мотопомпа оншақты аулада және алты көшеде су сору жұмысын жүргізді.

Бас-аяғы 1700 текше метр су сорып алынған.

Серіктес жаңалықтары