Шымкентте мәдениет үйі мемлекет меншігіне өтеді

15 қараша 2023 9:00 / Новости Казахстана

Шымкентте көптеген жылдан бері бос тұрған «Фосфоршылар» мәдениет үйі жастар сарайы айналады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Шымкент қаласында бірнеше жылдан бері бос тұрған «Фосфоршылар» мәдениет үйі мемлекет меншігіне өтеді. Қаншама жылдан бері қаңырап тұрған ғимарат енді жастардың бас қосып, мәдени іс-шара өткізетін орталығына айналады.

«13 қараша күні фосфоршылар мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілді. Ары қарай ғимаратты көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіру және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Фосфоршылар сарайы қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынына және және халық игілігіне қызмет ететініне сенімдімін», - деп жазды Ғабит Сыздықбеков.

Серіктес жаңалықтары