Шымкентте санитарлық шектеулер енгізіледі

16 шілде 2024 10:00 / Новости Казахстана

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі екі ауданда санитарлық шектеулер енгізуде. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шектеулер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсыныстары негізінде енгізіледі, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

1) Шымкент қаласы Абай ауданы Қайнарбұлақ саяжайы Т. Құрасбек көшесі №3 үйдің мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Т.Құрасбек көшесінің бойына;

2) Шымкент қаласы Абай ауданы Тельман бөлімшесі Бабыр көшесі № 106А үйдің ұсақ малынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Бабыр көшесінің бойына белгіленеді.

Әзірлеушілер Шымкенттегі эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру үшін санитарлық шектеулер енгізілетінін айтуда.

Серіктес жаңалықтары