Шымкентте туысы терезеден лақтырып жіберген сәби қайтыс болды

25 қараша 2023 0:57 / Новости Казахстана

Шымкентте туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген 2 жасар бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ата-ананың дұрыс қарамауынан тағы бір бала қайтыс болды», - деп жазды Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева.

Оның айтуынша, аурухананың бас дәрігері сағат 18:39-да нәрестенің жүрегі тоқтап қалғанын хабарлаған. 

Бүгін таңертең Шымкентте екі жасар баланы туысы төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергенін жазған болатынбыз

Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі – 99 бабы «адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Серіктес жаңалықтары