Таеквондо: Самирхон Абабакиров Люксембургте жеңіске жетті

11 маусым 2024 9:34 / Новости Казахстана

Қазақстандық спортшы Люксембургте өткен G-1 санатындағы халықаралық жарыста топ жарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

63 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз турнир кезінде қарсыластарын қоғадай жапырды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Осылайша Самирхон әлемдік доданың алтын медалін мойнына тақты.

Айта кетейік, Абабакиров алдағы Париж Олимпиадасында 58 келі салмақта ел намысын қорғайды.

 

Серіктес жаңалықтары