Тамара Дүйсенова: Діни бірлестіктердің жұмысын реттеу керек

11 қазан 2023 15:19 / Новости Казахстана

"Қазір азаматтардың діни танымын емес, діни бірлестіктерді жұмысын реттеу керек" деп мәлімдеді премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, - деп хабарлайды Arbat.media

Вице-премьердің айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі дін мәселесіне ресми түсінік береді.

Дін — өте нәзік мәселе, әр адамның өз таңдауы. Бұл жерде негізгі мәселе — діни бірлестіктердің жұмысын мемлекеттік тұрғыдан реттеу. Азаматтардың діни танымын емес, діни бірлестіктерді жұмысын реттеу керек. 

Теологтар, діни бірлестік өкілдерімен кездесуде 3 мәселе көтерілген. Алдымен әлеуметтік желілердегі, әсіресе шетелдік контенттің алдындағы қауқарсыздығымыз. Яғни әртүрлі діндерді, бағыттарды уағыздау мәселесінде бірге жұмыс істеуіміз керек. Одан кейін қоғамда діни сауатты көтеру де өзекті. Осы мәселе бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігі түсінік беретін болады», — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Автор
Серіктес жаңалықтары