«Тақиялы періште» ағылшынша сөйлесе... Америкалықтар сый жасады

15 желтоқсан 2023 14:23 / Новости Казахстана

Қазақстандағы АҚШ елшілігі Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Елшілік қызметкерлері қазақ көркем фильмдерін ағылшын тілінде дыбыстап, көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Бұл туралы елшілік қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.

«Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында АҚШ елшілігінің қызметкерлері классикалық қазақ көркем фильмдерімен танысып, оларды ағылшын тіліне аударып көргісі келді. Сүйікті фильмдеріңіздің ағылшын тіліндегі толық нұсқасын көргіңіз келе ме?»

Америкалықтар «Тақиялы періште», «Қыз Жібек», «Махаббат бекеті» фильмдерін ағылшынша сөйлеткен.  

Тайлақты - Lucas, биші қызды - Lola, Сырлыбай биді - Colin, Ермек Серкебаевты - Johnibek, Оралды - Chris дыбыстаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Egemen Qazaqstan (@egemenkz)

Серіктес жаңалықтары