Таразда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

27 наурыз 2024 12:00 / Новости Казахстана

Таразда жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Жамбыл облысы ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының телефонына Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесінің бойында жолаушылар автобусының өртенгендігі туралы хабарлама келіп түскен, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Шақырту орнына Департаменттің күштері мен құралдары( 16 адам жеке құрам және 4 бірлік техника) жедел жетті. Өрт сөндірушілер өртті 18:00-де ауыздықтап, 18:06 -да толық сөндірді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары