Тасқын су Атырау маңындағы Сарыөзек каналын жырып кеткен

14 мамыр 2024 10:00 / Новости Казахстана

Жайық өзенінен құйылған тасқын су Атырау қаласының маңындағы Сарыөзек каналын жырып кеткен. Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, Сарыөзек елді мекеніндегі шаруа қожалығының иелері де хабар берген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Сарыөзек каналы бойындағы бөгеттің үш метрдей аумағын су жырып кеткені анықталды. Соған байланысты қалалық әкімдігі мен «Арнаулы автобаза» ЖШС-дан 15 адам каналдың су жырған бөлігін қалпына келтіру жұмысын жүргізді. Бөгетті нығайту үшін құм толтырылған 1 тонналық 60 және 50 келілік 100 қапшық төселді. Бұл жұмыс 2 сағатта аяқталды. Осындай қауіптің алдын алу үшін арнайы топ тәулік бойына кезекшілік атқарады», - деп хабарлады Шәкір Кейкин.

Махамбет ауданының аумағынан бастау алатын каналдың ұзындығы – 60 шақырым. Су арансы Атырау қаласы және Еркінқала ауылдық округінің аумағымен өтеді.

 

Серіктес жаңалықтары