Тасқынның алдын алуға 7 млрд теңге бөлінді деген өтірік – вице-министр

2 сәуір 2024 10:56 / Новости Казахстана

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференцияда тасқынның алдын алуға қанша ақша бөлінгенін айтты. Көктемгі тасқындарға қарсы 7 млрд теңге бөлінгені айтылып жүр. Ол Ақша қайда кетті?» - деп сұрады журналист. Вице-министрдің айтуынша аталмыш ақпарат жаңсақ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды. 

«Тасқынға қарсы дайындық аясында бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді деген ақпарат тарағаны рас. Бірақ бұл мәлімет дұрыс емес екенін айтқым келеді. Шын мәнінде 7 млрд теңге қарастырылған болатын. Ал бөлінгені 3 млрд теңгеден астам қаражат. Ол қаражат, қазір өздеріңіз көріп отырғандай, тасқынның алдын алып, салдарымен күресуге бағытталып жатыр. Бүгінгі таңда, әкімдіктердің ақпараты осындай», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары