Терроризмді насихаттаған Алматы облысының тұрғыны ұсталды

31 қазан 2023 18:15 / Новости Казахстана

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе отырып, терроризм идеяларын насихаттады деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - дейді ҰҚК баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары