Tik-Tok-та қыздың ар-намысына тигені үшін сотта жауап берді

17 қазан 2023 9:38 / Новости Казахстана

Мойынқұм ауданы сотында ар-намысты қорғау туралы іс тыңдалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық сотында А .есімді азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың 73-3-бабы, 2-бөлігі «Жала жабу» бойынша әкімшілік іс қаралды.

-"2023 жылдың қазанында А. есімді азамат Tik-Tok әлеуметтік желісінде видеожазба жариялап, С. есімді зардап шегушіні жеңіл жүрісті қыз деп айтқан. Сол арқылы оның ар-намысына нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқан". 

Істі қарау кезінде А. кінәсін толықтай мойындап, ісіне өкінді. Зардап шеккен қыз оны кешіріп, істі тоқтатуды сұрады.

Сот бұйрығымен А. әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, екі тарап татуласқандықтан іс тоқтатылды.

Бұйрық заңды күшіне енген жоқ, деп нақтылады Мойынқұм аудандық баспасөз қызметі.

Автор
Серіктес жаңалықтары