Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-номерін жариялады

4 қыркүйек 2023 9:00 / Новости Казахстана

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтің WhatsApp мессенджеріндегі тікелей телефон нөмері 4 қыркүйекте жұмысын бастады, деп хабарлайды Arbat.media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақ бөлімшелерінің, ведомствоға бағынысты ұйым қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері сұрақты + 7 747 651 75 88 нөміріне, министрге тікелей жолдай алады. Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректі: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету маңызды.

Серіктес жаңалықтары