Тұрақтағы автокөліктен ер адамның мәйіті табылды

20 қазан 2023 1:20 / Новости Казахстана

Астанада тұрақта тұрған көліктен ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Астана ПД хабарлауынша, автотұрақтағы көлік салонынан 49 жастағы ер адамның денесі табылған.

«Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Қосымша ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», - деп жазылған ресми жауапта.

 

Автор
Серіктес жаңалықтары