Түркістан облысы: Өз балаларын өлтірген ана 15 жылға сотталды

21 маусым 2024 14:11 / Новости Казахстана

Биыл ақпан айында Түркістан облысындағы жалдамалы пәтерде екі баланың мәйіті табылып, қылмысты туған анасы  жасағаны анықталған. Қызылорда облысының 31 жастағы тұрғын Бота Хамитқызы алқа билер шешімімен 15 жылға сотталды. Айыпталушы жазасын орташа режимдегі түрмеде өтейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әйел Түркістан облысынан екі күнге пәтер жалдап, ауыр қылмысқа барған. Кейін ол құрбысына хабарласып, балалар қайтыс болғанын айтып, сол мекенжайын берген.

Тергеу кезінде қылмыс жасаған кезде әйелдің ақыл-есі дұрыс болғаны дәлелденді.

Айта кетсек, Бота Хамитқызы Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары