Түркістан облысында 934 жұмысшыға өтемақы төленбеген

12 қаңтар 2024 12:22 / Новости Казахстана

Түркістан облысының прокуратурасы жалпы білім беру мектептерінің күзетшілеріне жұмысынан айырылуына байланысты берілетін тиесілі өтемақыны аудармағанын анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform облыстық прокуратураға сілтеме жасап жариялады. 

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер террористік тұрғыдан осал объектілерге өтуіне байланысты, оларды күзету жеке күзет агенттіктеріне берілген.

Бұл құқықтық өзгерістердің салдарынан Түркістан облысының білім беру бөлімдері 1 473 мектеп күзетшілерімен еңбек шарттарын біржақты бұзған.

Алайда жұмыс беруші енбең заңнамасының талаптарын бұза отырып, 934 жұмысшыға тиісті өтемақыны төлемеген.

Қолданылған шаралармен бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төлемдері аударылды (115 млн.).

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр және облыс прокуратурасының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары