Түркістан облысында оқушы қыз әкесінен жүкті болған

3 мамыр 2024 21:47 / Новости Казахстана

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.Қазір күдікті қамауда отыр. Кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылды. Сараптамалар да тағайындалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Барлық жағдайлар анықталуда. Кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылған, оған тиісті көмек көрсетіледі. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», -деді Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Жандос Құлмахан.

Серіктес жаңалықтары