Түркістан облысында зауыттағы жарылыстан жұмысшы мерт болды

14 қараша 2023 17:15 / Новости Казахстана

Түркістан облысында орналасқан цемент зауытында жарылыс болып, 52 жастағы жұмысшы қайтыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға Түлкібас ауданына қарасты Састөбе елді мекенінде орналасқан цемент зауытында болған. Цехтағы жарылыстан 3 науқас Сайрам аудандық ауруханасына жеткізілген.

«Екі науқастың денесін 100 пайыз күйік алған. Ал, үшінші адамның денесі 70-75 пайызға күйген. Ауруханаға өте ауыр жағдайда келді. 1971 жылғы науқас қайтыс болды. Қазір жансақтау бөлімінде екі адам емделіп жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Медициналық көмектер жан-жақты көрсетілуде» - деді Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерғали Сәдуақасұлы.

Серіктес жаңалықтары