Түркістанда жаңадан салынған көпқабатты үй өртенді

15 қаңтар 2024 13:34 / Новости Казахстана

Түркістанда жаңадан салынған көпқабатты үйдің электр желілері жанып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі жазды. 

Оқиға Отырар шағын ауданында болған.

Көп қабатты тұрғын үйдің электр қалқаны мен үшінші қабат аралығында электр сымдары жанып кеткен.

Тұрғын үйден 15 ересек адам эвакуацияланып, 20 бала құтқарылды.

«Өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің 5 техникасы мен 21 қызметкері және Полиция департаментінен 2 техника мен 5 қызметкер жұмылдырылды. Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - дейді Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары