Үкімет: Жылу орталығын жөндемегендер қатаң жазаланады

26 маусым 2024 12:34 / Новости Казахстана

Жыл басынан бері жылу орталықтарындағы жөндеу жұмыстарына 18 рет өзгеріс енгізіліпті. Жаздың бір айы зу етіп шыққанымен, кей қалада қазандықтар ауыстырылмақ түгілі, әлі қым-қуыт тірлігі де басталмаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Премьер-министр Олжас Бектенов жөндеу тәртібінің сақталмауына алаңдап отыр, деп жазады КТК арнасы. 

Мәселен, апаттан көз ашпайтын бір ғана Екібастұз жылу орталығында жөндеу екі айға кешеуілдеген.

Ал Теміртауда сәуірге жоспарланған құбыр ауыстыру әлі басталмапты.

Бектенов орынбасары Роман Склярға бекітілген кестеге пысқырып та қарамағандарды мейілінше қатаң жазалауды сұрады.

— Жоспарланған жұмыстың 25 пайызы орындалған жоқ. Басқа өңірлермен салыстырғанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында жылу желілерінің дайындығы төмен. Жұмыс республикалық бюджет қаражаты есебінен ғана жүргізіліп отыр.ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі, деді ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов. 

Серіктес жаңалықтары