Ұшақтың апатты есігін ашқан жолаушы Алматы полициясына тапсырылды

24 желтоқсан 2023 1:52 / Новости Казахстана

Ұшақтың апатты жағдайға арналған қосалқы есігін негізсіз ашқан жолаушы Алматы полициясына тапсырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде жолаушы ұшақтың апаттық есігін өздігінен ашып жатқан видео таралып жатыр. Осыған байланысты Азаматтық авиация комитеті келесіні хабарлайды: 2023 жылғы 23 желтоқсанда «Шымкент – Алматы» бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының КС7106 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 01:19-да қонғаннан кейін жолаушы апаттық есікті ашты. Борт тексеріліп, ұшуларды орындауға рұқсат етілді. Жолаушы шара қолдану үшін Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген Азаматтық авиация комитетінде.

Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Қазақстанның авиация әкімшілігі тиісті тексеру жүргізеді.

«Тексеру есікті өз бетімен ашқан жолаушыға да, автотрап беруге жауапты әуежай қызметтеріне де қатысты жүргізілетін болады», - делінген ұсынылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары