WhatsApp-та қорлаған танысын сотқа берді

30 қазан 2023 11:29 / Новости Казахстана

WhatsApp желісінде қорлаған адамға 5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әйел WhatsApp желісіндегі топта өзін танысының қорлағанын айтып, сотқа шағым түсірген, дейді Өскемен сотының баспасөз қызметі.

«Сен, ұрлықшы, аузыңды жап. Өмір бойы ұрлап келесің, енді бірдеңе дегің келе ме?» деп чатта жазылған хабарламаны топтың 93 мүшесі оқыған. 

Сот істі қарап, талапкер судьядан жауапкерді ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты теріске шығаруға міндеттеуді сұрады.

Сот оның бұл талабын қанағаттандырды.

Сондай-ақ жауапкерге 5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.  

Серіктес жаңалықтары