ХҚО мәліметтер базасын бұза отырып, 35 жүргізуші куәлігін алып берген

21 маусым 2024 10:11 / Новости Казахстана

Жамбыл облысындағы халыққа қызмет көрсету орталығының мәліметтер базасын бұзған хакердің үстінен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі берген мәлімкетке сәйкес, тергеу барысында 2023 жылдың қыркүйегінде белгісіз біреу ХҚО мәліметтер базасына кіріп, теориялық және практикалық емтихандарды тапсыра алмаған тұлғаларға 35 жүргізуші куәлігін берген. Барлық құжаттарды сот жарамсыз деп таныды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Осы факті бойынша ҚР ҚК 385-бабының 1-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Бейтаныс киберқылмыскер ХҚО мәліметтер базасына кіріп, емтихан тапсыра алмағандар үшін жеңіл жол ұсынған әрекетіне ақшалай сыйақы алып үлгерген.

«Сотта жауап бергендердің бірі емтиханнан өз бетінше өте алмағанын растады, бірақ оны қайта тапсырмаған, 150 мың теңге төлеп, жүргізуші куәлігін сатып алған. Сот барлық жүргізуші куәліктерін жарамсыз деп таныды», — деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары