Хромтау, Сәтбаев, Балқаш және Құлсарыда индустриялық аймақтар құрылады

3 қыркүйек 2024 13:37 / Новости Казахстана
Фото: ҚР Үкіметі

Хромтау, Сәтбаев, Балқаш және Құлсарыда индустриялық аймақтар құрылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.

«Саран қаласының үлгісі бойынша Хромтау, Сәтбаев, Балқаш және Құлсары моноқалаларында индустриялық аймақтар құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар барлық моноқалаларда олардың экономикасын әртараптандыруға бағытталған 10 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 1,4 трлн теңгеге 41 инвестициялық жоба іске асырылуда. Сондай-ақ, әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөнінде шаралар қабылданып, моноқалалардың айналасында геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі. Жоғарыда аталған шаралар моноқалалардың экономикасын әртараптандыруға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді», - деді вице-премьер.

Сонымен қатар ол Алатау қаласының инфрақұрылымның салалық схемасын және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты.

«Алатау қаласында объектілер салу үшін әлеуетті инвесторларды тарту мақсатында «зәкірлік» нысандардың тізбесі айқындалатын болады. Қазіргі уақытта IT, көлік-логистикалық кешен, туризм және басқа да салалардағы халықаралық компаниялармен келіссөздер басталды. Инвесторлардың ұсыныстары мүдделі мемлекеттік органдармен пысықталуда. Тізбе айқындалғаннан кейін жобалар инфрақұрылым салуға, преференциялар беруге және басқаларына бағытталған мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларымен қамтамасыз етілетін болады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары