Юлия Путинцева Олимпиадаға неге қатыса алмағанын түсіндірді

27 шілде 2024 22:43 / Новости Казахстана

Қазақстанның екінші, әлемнің 30-ракеткасы Юлия Путинцева Париж Олимпиадасына жарақатына байланысты қатыса алмағанын түсіндірді. Қазақстандық теннисші Уимблдонда тізесінен алған жарақаттың әлі күнге дейін маза бермегенін жеткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның айтуынша, өзінің командасы, TEAM Qazaqstan және Қазақстан теннис федерациясы қанша күш салса да, қалпына келе алмаған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Мен ел намысын қорғауды қашанда үлкен құрмет деп білдім. Қазақстан үшін барлығы 40 матч өткіздім. Билли Джин Кинг кубогы үшін қазақстандық құрамадан ең көп жеңіске қол жеткіздім. Өкінішке қарай, бұл жолы кортқа шығудың өзі мүмкін болмай тұр. Мен командамнан, Қазақстан теннис федерациясынан, жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Бұл мен үшін өте ауыр», - деді Юлия Путинцева.

Серіктес жаңалықтары