ЮНИСЕФ 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми серіктесі атанды

21 маусым 2024 1:22 / Новости Казахстана

Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияcы мен ЮНИСЕФ Қазақстан арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, құжат биылғы жылдың ең маңызды спорттық оқиғаларының бірі аясында инклюзияны және балалардың құқығын ілгерілетуге бағытталған маңызды ынтымақтастықтың бастамасына айналды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

ЮНИСЕФ Қазақстан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми коммерциялық емес серіктесі атанды. Салтанатты шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның басшысы Наиль Нұров, сондай-ақ Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі, доктор Рашед Мустафа Сарвар қатысты.

Наиль Нұров өз сөзінде ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық ойындарды тек әсерлі ғана емес, сонымен қатар балалардың құқығын және маңызды шараларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, қолжетімді етуге көмектесетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары