Жайық өзеніндегі су деңгейі Индер ауданында 900 сантиметрге жетті

7 мамыр 2024 11:00 / Новости Казахстана

Атырау облысының Индер ауданында Жайық өзеніндегі су деңгейі 900 сантиметрге жетті. Облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, бүгін кешкі сағат 20:00-де Жайық өзенінің суы тағы да көтерілген, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жайық өзені Индер ауданының орталығы – Индербор кентінің тұсында таңертеңігі сағат 08:00-ден бері +16 сантиметрге көбейді. Қазіргі су деңгейі – 900 см. Қауіпті деңгейден +55 сантиметрге асты», - деп хабарлады облыстық жедел штабтан, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Су деңгейі Махамбет ауданында +7 сантиметрге ұлғайып, 868 сантиметрге жеткен. Бұл ауданда өзен арнасы қауіпті деңгейден +18 сантиметрге асып тұр. Ал, Атырау қаласының тұсында Жайық деңгейі 501 сантиметр құрады. Шаһарға жақын орналасқан Жаңаталап елді мекенінде 360, Еркінқала ауылының тұсында 320 см болды.

Еске сала кетелік, бүгін таңертең Жайық өзенінің деңгейі Индерде – 884, Махамбет ауданында 861 сантиметр болған еді. Сондай-ақ Индер ауданындағы он бес эвакуация пунктінде 1 600 орын барын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары