Жайықтың жайы әлі алаңдатып отыр

6 мамыр 2024 11:00 / Новости Казахстана

Атырау облысы Индер ауданында Жайық өзені шектік деңгейден 11 сантиметрден асып түсті, - деп хабарлайды Arbat.media

«Жайық өзенінің жағасында орналасқан ауылдарда тәулік бойы кезекшілік пункттері ұйымдастырылды», - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Махамбет ауданында Жайық өзені шектік деңгейге жақындап келеді. Бүгінде су деңгейі 848 см-ге тең. Ал, шекті көрсеткіш — 850 см. Бұл ретте, бөгеттерді көтеру және нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Құлсары қаласында соңғы тәулікте 78 үйден су сорылған. Бүгінде 27 үй әлі су астында қалып отыр.

Серіктес жаңалықтары