Жамбыл облысы: Кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды

14 мамыр 2024 10:12 / Новости Казахстана

Жамбыл облысы Меркі ауданының Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментіне Меркі аудандық ауруханасынан хабарлама түскен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Полиция кәмелетке толмаған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі таңда жасөспірім өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, күдіктіге қатысты заңсыз суық қару алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», – делінген баспасөз релизінде.

Серіктес жаңалықтары